
Мамай ауылы әкіміне кандидаттың тіркелуінің күшін жою туралы Хабарлама
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1 тармағына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 13 қыркүйектегі Ақмола облысы Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкіміне кандидат ретінде Б.А. Шәріповтың тіркелу туралы № 7/9 хаттаманың күшін жою туралы шешім қабылдады.
Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы