
Хабарлама
2022 жылғы 28 тамызда Біржан сал ауданының Краснофлот ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының Краснфолот ауылының әкімін сайлаудың нәтижелері туралы хабарлама.
Біржан сал аумақтық аудандық сайлау комииссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44- бабы 2) тармағы, 45-бабы, 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Біржан сал ауданы Краснофлот ауылы әкіміннің сайлауы нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын шығарды:
Краснофлот сайлау округі Краснофлот ауылының әкімін сайлауы бойынша: Сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың саны 128 сайлаушы, соның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 92. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 2, «Бәріне қарсымын» белгі қойылған – 2. Кандидаттарға берілген дауыстар саны:
Мусин А.Ж. – 5; Тәшімов А.Қ. – 83.
Біржан сал ауданы Краснофлот ауылының әкімі болып Ақылбек Қапышұлы Ташимов сайланды, 1969 жылы туған, Біржан сал ауданы "Краснофлот ауылы әкімінің аппараты" ММ әкімі, Краснофлот ауылында тұрады, "AMANAT" саяси партиясымен ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Біржан сал ауданының Краснофлот ауылының әкімін тіркеді.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы