
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Біржан сал ауданының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамыздағы "Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы" № 7/1 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкімін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы, Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:
Мамай ауылының әкімі - Мамай сайлау округі Мамай ауылының шекараларында;
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі 23, тел: 8 (71639) 2-22-27
Комиссия төрағасы – Жомартов Өміртай Өсербайұлы; төрағаның орынбасары – Ысқақова Гүлайым Абжанқызы; хатшы - Қайдаров Әділ Русланұлы; комиссия мүшелері: Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы, Мұқанова Дина Мұхтарқызы, Низаева Фируза Закиевна, Овсянников Анатолий Леонидович.
Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы