
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсын өткізуге бір аптадан астам уақыт қалды.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен кейін келесі жұма, 15 шілде күні Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, беделді байқауды ұйымдастыру 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына, жергілікті жерлерде - өңірлік палаталарға жүктелген. Конкурсқа қатысудың басты өлшемшарттары өндірілетін өнімнің, Орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Жеңімпаздар «өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша анықталады. Өз кезегінде, әр номинацияда үш лауреат анықталады.
Көрмеде отандық өндіріс тауарларының үздік үлгілері ұсынылады: тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қайта өңдеу және құрылыс салалары, өнеркәсіптік жабдықтар.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 90, «Көкшетау» МҮ.
Анықтама телефоны: +7(7162) 72-24-88