Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлері агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келіссөздер жүргізді

17 маусымда Санкт-Петербургте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев РФ Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевпен кездесу өткізіп, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.
Кездесу барысында Е.Қарашөкеев Қазақстан мен Ресей арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 752,6 млн АҚШ долларын құрағанын, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7% артық екенін атап өтті.
Ол тауар айналымында дәнді дақылдар маңызды рөл атқаратынын айтты. Жыл сайын Ресейден Қазақстанға орта есеппен 1,5 млн тонна бидай импортталады.
Кездесуде елдер арасындағы өзара сауда мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан мен Ресей арасындағы АӨК саласындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.
"Бұл бағыттағы әлеует толықтай ашылған жоқ деп есептеймін. Сүт шикізаты, өсімдік майы, құс еті мен глютенсіз өнімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды пысықтауды ұсынамыз. Ресейлік агроөнеркәсіптік бизнесті тығыз ынтымақтастыққа шақырамыз", - деп қорытындылады сөзін Е.Қарашөкеев.

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы