ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР:
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰРУ
- Жалпы мәліметтер
Биылғы 16 наурыздағы Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық институт – Ұлттық құрылтай құруды ұсынды.
2022 жылғы 6 маусымда өткен референдумның нәтижелері бойынша Қазақстан халқына арнаған үндеуі кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былай деп атап өтті:
«Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі. Осылайша, азаматтардың мемлекет ісіне атсалысу мүмкіндігі арта түседі. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда. Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек».
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда Ұлытауда өтеді.
Жаңа «Ұлттық құрылтай» институтын құру ел халқымен тікелей диалог идеясының заңды дамуы болып табылады. Ұлттық құрылтай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің баламасы болып табылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ҰҚСК-нің негізгі функциясы қоғамдағы проблемаларды шешу жөніндегі тетіктерді талқылау және әзірлеу болған еді.
Жаңартылған Конституция азаматтардың мүлдем жаңа саяси ойлау жүйесі мен сана-сезімінің қалыптасуын талап ететінін түсіну маңызды.
Ұлттық құрылтайдың басты міндеті – Екінші Республиканың құрылу қисынына сай қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Өз кезегінде Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі қоғамдық топтасуды одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу болады.
Ұлттық құрылтай азаматтар 5 маусымда жалпыұлттық референдумда қолдаған жаңа қоғамдық келісімді жаңартуға және дұрыс қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Ұлттық құрылтай институтының бірегейлігі қоғаммен тікелей диалогты қолдауында және дамытуында, бұл өз кезегінде Президентке еліміздің әрбір өңірінің өсіп-өркендеу бағытын бағамдап отыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық құрылтай құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері және т. б. кіретін жаңа кең ауқымды құрамды қамтиды.
Ұлттық құрылтай құрамының қалыптасуы бірқатар негізгі критерийге негізделген:
- қоғамдық кеңестер арқылы еліміздің әрбір өңірінің ұсынылуы. Өңірлік қоғамдық кеңестердің қоғамдық пайдалы қызметінің нақты нәтижелі кейстерінің болуы;
- мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, ғылым, білім беру салаларында салмақты жетістіктері мен еңбек табыстарының болуы;
- белсенді қоғамдық қызметінің болуы;
- кең қоғамдық қолдауға ие болуы.
- Ақпараттық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Медиа алаңды талдау қоғамда бұл шараға үлкен қызығушылық бар екенін көрсетеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іс-шараның және оның тиімді құрамдас бөлігінің маңыздылығына шоғырландыру керек:
- қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі Ұлттық құрылтай қоғамдық институтының миссиясы мен міндеттерін ашатын дұрыс месседждерді ілгерілету маңызды. Мемлекет пен қоғам қоғамдық шоғырлануды одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар жасау мақсатында жұмылғанын көрсету қажет;
- Ұлттық құрылтайға қатысушылар құрамын ерекше атап өткен жөн, оған қоғамның түрлі топтарына қатысушылардың кең өкілдік құрамы, елдің барлық түкпір-түкпірінен өкілдер болатын беделді және белсенді азаматтар кіреді;
- осы институттың қажеттілігі мен маңыздылығына байланысты мәселелерді, Ұлттық құрылтай барысында қандай мәселелер көтерілетінін республикалық және өңірлік деңгейлерде кеңінен жария ету;
- сарапшылар қауымдастығы тарапынан материалдар санын арттыру маңызды. Сараптамалық пікір аясы арқылы осы институттың маңыздылығын көрсету;
- ақпаратты теледидар алаңдарымен шектелмей, барлық қолжетімді байланыс арналары арқылы жеткізу қажет (TikTok, Instagram reels қысқа роликтері, ВКонтакте клиптері және т. б.);
- ақпараттық өнімдерді әзірлеу: осы іс-шараның түрлі аспектілеріне арналған деректі фильмдер, бейнероликтер, тақырыптық бағдарламалар, мақалалар және ток-шоулар;
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай отырысына арналған арнайы тақырыптық айдарлар мен шығарылымдар циклін таратылымы.
III. БАҚ пен әлеуметтік медианы дамыту үшін маңызды месседждер
- Мемлекет басшысы атап өткендей, құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық үлгісін қалыптастырып, билік пен халық арасындағы байланыстырушы буынға айналуы тиіс;
- Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты қоғамдық шоғырлануды одан әрі дамыту бойынша идеялар мен қадамдар әзірлеу болып табылады. Қоғамның мұндай бірлігі қазір бұрынғыдан да қажет. Жаңа Қазақстанды тек бірге және ынтымақтаса отырып қана құруға болады. Қазір қоғам мен елді табысты трансформациялау үшін біздің барлық идеяларымызды, күш-жігерімізді біріктіру маңызды;
- Ұлттық құрылтай жұмысы біздің ортақ құндылықтарымызды нығайту және ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлеуге шоғырландырылатын болады. Яғни, басқа консультативтік-кеңесші органдарға, оның ішінде Ұлттық кеңеске қарағанда, қоғамдық-саяси күн тәртібіне және әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа баса назар аударылады;
- Жаңа диалог алаңы ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және халқымыздың бірлігіне ықпал ететін болады. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қазақтар үшін киелі орын – жаңа Ұлытау облысында өтуінің символдық мәні зор.
- Құрылтай қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыруы тиіс. Ол билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді;
- Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай өзінің айналасына үлкен институционалдық әлеуеті бар барлық облыстық қоғамдық кеңестерді шоғырландыратынын атап өтті;
- Мемлекет басшысы болашақ Құрылтай мүшелерінің сан алуан құрамына назар аударып, олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлерін ғана емес, өндіріс және ауыл шаруашылығы қызметкерлерін де атады, бұл плюрализмнің жоғары деңгейі, жаңа институт алаңындағы пікірсайыстың сапасын арттыру туралы айтуға мүмкіндік береді;
- Президент Құрылтайдың құрылуымен түрлі пікірлердің барлық өкілдерін қамти отырып, өкілдік құрылым қалыптасатынын атап өтті. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты негізде жиналатын болады;
- Ұлттық құрылтайдың құрамы айтарлықтай өкілетті. Оған өңірлерден қатысушылардан басқа, ғылымды, білім беруді, медицинаны, мәдениетті, спортты дамыту мәселелері бойынша көрнекті және тәжірибелі сарапшылар, БАҚ, сондай-ақ еңбек қатынастары, адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді;
- Ұлттық құрылтай аясында қоғамның түрлі топтарын біріктіруге әрекет жасалды. Осылайша, қоғамдық пікірлердің кең ауқымы шоғырландырылатын болады. Бұл плюрализмнің іске қосылуы және халықтық демократияны дамыту көрінісі бола алады;
- Ақыры, Президент жанынан қоғамдық платформа құрылды, онда барлық өңірлерден келген қоғам өкілдері ұсынылды. Ұлттық құрылтайдың құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің бір мүшесінен кіреді. Енді қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау кезінде өңірлік күн тәртібі мен облыстардың мүдделері толық қамтылатын болады.
___________________