
27 мамыр күні Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Конституциялық реформа: саяси трансформацияның қазақстандық жолы» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.
Шараны Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.
Отырыс қатысушылары алдағы референдумның елді дамыту мен қоғамды демократияландырудағы маңызын, сондай-ақ Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның рөлін талқылады. Сарапшылар мемлекеттің басты құжатына енгізілмек өзгерістер мен толықтырулардың ҚР саяси жүйесіне қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.
Жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшылары қатысты.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1653902705