Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 23 мамырда медициналық пойыздар өз жұмысын қайта бастайды

Медициналық пойыздар. Жоба аясында шамамен 147 станцияны қамту жоспарланған
2022 жылғы 23 мамырда медициналық пойыздар өз жұмысын қайта бастайды. Әлеуметтік маңызы жоғары жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен жүзеге асып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева хабарлады.
Жобаның мақсаты – еліміздегі шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету. Бұл жобаның маңызы зор. Өйткені осының арқасында халық денсаулығын жақсартуға, алыс аудандар мен ауыл тұрғындарына қажет қызмет түрлерін қолжетімді етуге мүмкіндік туады.

«Биыл «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырда Алматы қаласынан шығып, 6 қарашаға дейін жолда болады. Ал екінші пойыз – «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 2 қарашаға дейін өз жұмысын атқарады. Пойыздар Қазақстанның барлық облысын аралап, 147 станцияда жергілікті халыққа көмек көрсетеді. «Жәрдем» пойызы – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына; «Саламатты Қазақстан» Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарына барады. Медициналық бригадалардың құрамында терапевтер, стоматологтар, офтольмолгтар, маммологтар, хирургтер және басқа да бағыттарда қызмет ететін мамандар болады», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1653279859

 

Дата публикации
23 мая 2022
Дата обновления
23 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы