Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

 

 

Біржан сал  ауданының                                                                                          «Мамай ауылы әкімінің  аппараты» ММ-нің                                                            2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету   

        мәселелері туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

    Біржан сал ауданының «Мамай  ауылы әкімінің аппараты» ММ Жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) Жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
  • мемлекеттік қызметтер саны: ауыл әкімі аппаратымен көрсетіледі 5 қызмет:
  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

   Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 75 электрондық қызмет көрсетілді.

  • Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.     
  • «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Заңды тұлғаныжылжымайтын мүлікінің болмауы(болуы)туралы аңықтама беру», «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру», «Пайдаланушыны азаматтардың мобильдік базасында іздеу», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы аңықтама беру».

2.Қызмет алушылармен жұмыс

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

 

 

 

 

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

    «Адал көмек» жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді (барлығы 2 сөз сөйлеу): «Онлайн ақпараттық түсіндіру жұмыстары» және «Мемлекеттік қызметті алушыға түсіндірме жұмысы». 

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Біржан сал ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Б.К. Ахметжан тұрақты негізде семинар-кеңес, дөңгелек үстелдер мен түсіндірмелер жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

     Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

     Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

   2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді, атап айтқанда білім беру саласы 2 мемлекеттік қызмет, әлеуметтік сала бойынша 7 мемлекеттік қызмет.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

 

Қосымша

қызмет есебіне

Мамай ауылы әкімдігінің

мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2021 жылғы

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік

қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 

 

 

 

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым мәнісі

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

шешімді қайта қарау

туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы электрондық үкіметті одан әрі дамыту және Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығына және түпкі нәтижесінде азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді алу рәсімін оңайлатуға бағытталған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуда практикалық көмек көрсету үшін Мамай ауылының өзіне-өзі қызмет көрсету пунктінің жұмысы ұйымдастырылған.

2021 жылға арнап бекітілген іс-шаралар жоспарларына сәйкес сапа, уақтылылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді және жалғастырылуда:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу себептерін жою бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. 19.01.2022 жылғы № 1 Мамай  ауылы әкімінің өкімімен Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлға бас маман М.М. Шаужанова бекітілді, жауапты қызметкерлердің өзара алмасу жүйесі пысықталуда. Біржан сал ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Б. К. Ахметжан және ауыл әкімі С.Б.Сүлейменов тұрақты негізде қызмет көрсетудің уақытылы көрсетілуіне мониторинг, мемлекеттік қызмет көрсетумен тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізеді;

Қойылған міндеттерді іске асыру бойынша нақты шаралар, кемшіліктерді жою және проблемалық мәселелерді шешу бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар Біржан

сал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

уақтылылық және сапа өлшемдері бойынша қызметінің көрсеткіштерін жақсартуға

мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 - бабы 6-тармағы бойынша Мамай ауылы әкімінің аппараты 202 жылғы ақпан-наурызда мынадай ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру; 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді көпшілік талқылаулар өткізу және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша 2-47-60 байланыс телефондарына хабарласыңыз.

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы