
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
Туралы есеп
I.Жалпы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер –ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы Антаев көшесі 22/1, байланыс телефондары 8/71639/ 2-22-11; 2-16-90.
Әкім: Азамат Касымович Аутенов
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар:
Жахин Рустем Булатович- бас маман
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 қыркүйектегі № 726 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
- жер қатынастары саласында - мемлекеттік қызметтің 5 түрі;
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Барлығы - 33 Мемлекеттік қызмет көрсетілді; «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» АҚ арқылы - 4 қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 24 қызмет, қағаз түрінде - 5 Мемлекеттік қызмет, ақпараттық жүйе арқылы – 0
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер
Барлығы 2021 жылы көрсетілген - 33 қызмет, неғұрлым сұранысқа ие болып табылады:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген - 3 қызмет сұранысқа ие болып табылады.
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген қызметтер-8, қызмет сұранысқа ие.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген қызметтер-21, қызмет сұранысқа ие.
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация және Мемлекеттік орган арқылы көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер-0, талап етілмеген қызмет.
- «Жер учаскесін бір рет немесе бөліп-бөліп сату» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация және Мемлекеттік орган арқылы көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер-1, қызмет талап етілмеген.
II.Көрсететін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Біржан сал ауданы әкімінің ақпараттық порталында «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат Степняк қаласы аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерге жайғастырылған.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілген барлық қызметтер бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Степняк қаласының әкімінің аппараты қала тұрғындарымен Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкімет сайтында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінде «Жұрт алдында талқылау» тұрақты талқылау жұмыстары өткізіледі.
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкіміні аппараты»ММ- нің мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылармен мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сұрақтар түскен кезде нақты, тиянақты жауап береді және ола есепті кезеңнің нәтижелерін көрсетіп, ұсыныстар енгізіп отырады.
III. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдір жөніндегі қызмет.
Сапа критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, қызметтер алушылардың уақытылығы, қанағаттанушылығы, мемлекеттік қызметте көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік органдардың қызметтерін әрі қарай жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының және регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі және электронды қызмет алудың кең таралуы туралы хабардар ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау) жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.
Қызмет алушылар тарапынан арыздартүскен жоқ (қосымша):
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағым беруші туралымәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қаралған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған Шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
||
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
Мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біржан сал ауданының«Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебіне көпшілік талқылау өткізіледі.
2021 жылға есеп аудан әкімінің сайтына және аудандық бұқаралық ақпарат құралында «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» жарияланатын болады. Қызметтер көрсетулер саласындағы мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімі сайтының арнайы блогына www.enbek-akmol.gov.kz орналастыруға немесе Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің өкілетті органының тұрған жері бойынша демалыс және мерекелік күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен беруге болады. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Антаев көшесі, 22/1. Байланыс телефондары: 8 (716 39) 2-22-11, 8 (716 39) 2-16-90.
Степняк қаласының әкімі А. Аутенов
Қорытынды
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылауды өткізу қорытындылары туралы
Біржан сал ауданы «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ
|
№ |
Ұсыныс пен ескертулер енгізген жеке тұлғаның аты-жөні, ұйымның атауы |
Ұсыныстар мен ескертулердің қысқаша мазмұны |
Ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер |
Ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі негіздеме |
ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|