Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бойынша 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері туралы ЕСЕП

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бойынша

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері туралы

ЕСЕП

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін  қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішісіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің бір түрін көрсетеді:

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттар ұсынылады. Барлығы көрсетілген қызмет саны - 14.

3) Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-akmola.gov.kz, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта «электрондық үкімет» веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мамандары мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы жетік түсіндіру жұмысын өткізеді, сонымен қатар жұмысқа қабылданған кезде мамандарға одан әрі ақпаратты түсіндіру және жеткізу үшін әлеуметтік саланың кадр қызметі мамандарымен жұмыс жүргізіледі, есепті кезең үшін көрсеткіштер көрсетіледі, туындалатын ұсыныстар мен мәселелер талқыланады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

2) Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар өздерінің білімдерін тиісті заңдар, қағидалар, әдістемелік ұсыныстар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерттеу арқылы көтереді. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың            15 сәуір «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдын алу үшін күнделікті ХҚКО ИАЖ мониторинг өткізіледі.

Бөлімде мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын жоғары тұрған органға мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары.

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

Бөлім басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады.

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады.

Аудан әкімінің және ауылдық округтер, ауыл әкімдерінің онлайн форматта есепті кездесулері кезінде  ұсынылған көтерме жәрдемақылар мен бюджеттік кредиттер саны жайлы мәліметтер тұрғындарға беріледі, мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебін көпшілік талқылау өткізіледі: 2021 жыл бойынша есеп.

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы