
Хабарлама
2022 жылғы 20 ақпанда Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижелері туралы хабарлама
2022 жылдың 20 ақпанда Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал аумақтық аудандық сайлау комииссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44- бабы 2) тармағы, 45-бабы, 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын шығарды:
Макинка сайлау округі Макинка ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша: Сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың саны 1684 азамат, соның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1079. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 87, «Бәріне қарсымын» белгі қойылған – 14. Кандидаттарға берілген дауыстар саны:
Әубәкірова Ә.С. – 28; Дәукенов Б.К; – 219, Кошкимбаев Ж.С. – 719; Мамиков Б.Ө. – 12.
Макинка ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған, 1975 ж.т., Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Отрадное орман шаруашылығы мекемесі КММ бас орманшысы, Бұланды ауылының тұрғыны Көшкімбаев Жанат Сағындықұлы сайланды.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 22 ақпандағы шешімімен 2022 жылғы 20 ақпанда сайланған Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы