Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

"Партиялық емес бақылау орталығы" ауыл әкімдерін сайлауды байқауға қатысады

Республикалық қоғамдық ұйымның барлық облыстарда филиалдары бар және республикалық деңгейде сайлау кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыруға және қорғауға өз ниетін білдіреді.

"Партиялық емес бақылау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Кунадилов хабарлағандай, ұйым алдағы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын бақылауға белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта орталық өз бақылаушылары үшін оқыту іс-шараларының циклын өткізуде.

"Ауыл әкімдерінің алдағы тікелей сайлауы-саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін өте маңызды оқиға. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын бақылау үшін бізде сайлауды бақылау саласында үлкен тәжірибесі бар команда құрылды. Ашық және тәуелсіз сайлауды қамтамасыз етуге біз ортақ күш - жігерімізбен елеулі үлес қосамыз деп ойлаймын", - деп атап өтті Төлеген Кунадилов.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізілетін болады.

Дата публикации
09 июля 2021
Дата обновления
09 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы