
Жапония Министрлер Кабинеті 22 тамызға дейін Токиода төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бүгін Токиода инфекцияның 920 жағдайы анықталды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 206-ға көп.
Индонезия билігі коронавирустың өліміне байланысты шектеу шараларын күшейтті. Жаңа шектеулер, атап айтқанда, қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мәжбүрлеп ауыстыруды, мейрамханалар мен дүкендердің жұмыс уақытын шектеуді қамтиды. Шаралар елдің бүкіл аумағына әсер етеді.
Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың күнделікті өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Индонезияда 34 379 жағдай, Кувейтте 1 993 жағдай. Сонымен қатар, коронавирус өлімінің шыңы Бангладеште тіркелді: 201 өлім.
Коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК