
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңы 28-бабының 2-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары шарт бойынша өз газеттерінің беттерінде әкімдер кандидаттарының сайлау алдындағы материалдарын жариялау үшін орын береді. Бұл орайда БАҚ сайлау қарсаңындағы материалдарды жариялауда ешкімге артықшылық жасамай, барлық кандидаттарға тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты аптасына бір рет – бейсенбі күні (мемлекеттік және орыс тілде) шығып, бүкіл ауданына таралатын «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» газетінде сайлау алдындағы материалдарды орналастыру бағасын жариялап отырмыз. Газет алаңының әр шаршы сантиметрінің бағасы 90 теңге, газеттің әр бетінің – 84 мың теңге, 0,5 беттің – 42 мың теңге, 1/4 беттің бағасы – 21 мың теңге.
Кандидаттарды сайлау алдындағы материалдары ақшасы алдын ала 100% төленген жағдайда және кезек тәртібінде – олардың редакцияға келіп түсуіне қарай газеттің 2-ші бетінде жарияланады. Егер ол беттерде орын болмаса, онда материалдар келесі беттерге орналастырылады.