
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы отандық вакцинаның бірінші компонентін қойды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА "Хабар 24"телеарнасына сілтеме жасап.
Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы шариғат вакцинацияға тыйым салмайтынын еске салып, қазақстандықтарды иммундау науқанына белсенді қатысуға шақырды. Шынында да, бүгінде бұл қауіпті вирусты жеңудің жалғыз жолы. "Жалпы, шариғат қажет болған жағдайда вакцинациялауға рұқсат береді. Медицина мамандары індеттің алдын алу үшін иммундау қажет дейді. Біз өзіміздің игілігіміз үшін Алла тағаланың еркін қабылдауға тиіспіз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.