
Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру ауылдық жерлерде жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және АӨК мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру түрінде мемлекеттік қолдауды көздейді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау "Дипломмен ауылға" жобасында көрсетілген.
Осы жоба бойынша жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген (2021 жылға арналған АЕК — 2917 теңге, 100 АЕК — 291 700 теңге, 1500 АЕК — 4 375 500 теңге).
Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Дипломмен ауылға» жобасының басында әлеуметтік қолдау тек әлеуметтік саланың: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көрсетілді. Кейінірек, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіле бастады.
Соңғы өзгертулер Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік қолдауды енді басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ала алады.
Аудан әкімдігінің алдағы кезеңде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастыруы өзгерістердің бірі болып табылады. Осы тізбеге сәйкес ауылдарда неғұрлым сұранысқа ие мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.
Тізбеде көтерме жәрдемақы және алдағы кезеңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.
Жоғарыда аталғандардан басқа, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға қатысты.