
Құрметті азаматтар!
Мемлекеттік билік органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі өтініштер болып қала береді. Бұл өтініштерді жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды институттарының бірі ретінде қарау керек. Азаматтардың өтініштері "кері байланыс", болып жатқан оқиғалар, процестер туралы өз пікірін білдіру, жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу және өзінің өзге де құқықтары мен мүдделерін жай ғана іске асыру мүмкіндігі болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың Әкімшілік рәсімдері нақты регламенттелген және біріздендірілген.
Біржан сал әкімінің аппаратына азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы өтініш білдіру, жеке өтініш білдіру, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініш жолдау құқығы мынадай жолдармен іске асырылады:
1. Біржан сал көшесі, Біржан сал көшесі, 23, құжаттандыру бөлімі кабинеті мекенжайы бойынша аудан әкімі аппаратының кеңсесіне жазбаша өтініш беру
2. Жазбаша өтінішті "Қазпочта" АҚ пошта байланысы арқылы беру»
3. "Е-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы "электрондық өтініш" бөлімдерінде.
4. Біржан сал әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы "әкімге сұрақ" бөлімінде жүгіну»
5. 8 (71639) 21441 телефоны бойынша жеке қабылдауға жазылу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.
Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдері