Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін қандай да бір реакция пайда болса, өзін қалай ұстау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаның қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.

"QazVac вакцинасы зертханалық жануарларға жүргізілген тәжірибелерде алдымен өзінің қауіпсіздігі мен уыттылығының жоқтығын дәлелдеді. Содан кейін қауіпсіздік клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңінде еріктілер тобында расталды. QazVac вакцинасының вирусқа қарсы белсенділігі мен клиникалық тиімділігі клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің бірінші жартысының нәтижелері бойынша дәлелденді", - деді Талғат Нұрғожин. Формальдегидтің қолданылуына түсініктеме бере отырып, ректор препарат әртүрлі вакциналар өндірісінде бұрыннан қолданылып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, ол тырысқаққа қарсы вакциналарда, сондай-ақ әйгілі балаларға арналған поливалентті вакциналарда кездеседі. "Формальдегид пен COVID-19 вирусының өзара әрекеттесуі туралы бірнеше мақалалар жарияланды. Формальдегид вирустың өзін инактивациялау үшін қолданылады, ал вирустың "шыбықтарының" құрамына кіретін s-протеиннің өзі конформациялық өзгерістерге ұшырамайды. S-протеинге реакция есебінен антиденелер шығару түрінде ағзаның иммундық жауабы туындайды", - деп атап өтті Талғат Нұрғожин. Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов QazVac вакцинасын өндіру кезінде белсенділігі жойылған вирус өзінің антигендік қасиетін жоғалтпайтынын мәлімдеді. ҚР Білім министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ бұдан бұрын формальдегидтің QazVac вакцинасын өндіруде қолданылуына түсініктеме берген болатын.

Дата публикации
08 июня 2021
Дата обновления
08 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы