Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма

Вакцинаның бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салудың кері салдары болмайды. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында вакцина алу пунктінде мейірбике қателесіп «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентінің орнына екінші компонентін салғаны туралы айтылды. Осы орайда бұл жағдай денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені сұралды. Вячаслав Локшин бұл тұрғыда ешқандай проблема жоқ екенін атап өтті. «Бірақ бұндай жағдай орын алса, оны тіркеп, екінші доза кезінде бірінші компонентті салдыру керек. Әлемде бір адамға бір мезгілде бірден бес доза салған оқиғалар болған еді. Мейірбикенің қателігінен осындай жағдай орын алды. Бұл пациенттерге медициналық бақылау жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші және екінші компонентті алмастырып алғаннан проблема жоқ, тек екінші доза кезінде тиісті компонентті салдыру керек», - деді ғалым.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/vakcinanyn-i-zhane-ii-komponentin-shatastyryp-algan-kauip-bar-ma_a3788059

 

Дата публикации
20 мая 2021
Дата обновления
20 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы