
Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020700, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23, анықтама алу үшін телефон: 8(71639)21912, факс 8(71639)21441, электрондық мекенжай – birzhansal_sup@aqmola.gov.kz электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 МБ артық емес, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т. б.) - 5 МБ артық емес) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 134 851 теңгеден 182 456 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: аудан әкімі аппаратының, Степняк қаласы, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды хаттамалық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тапсырмалары мен актілерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау мен тексеруді ұйымдастыру. Президент, Парламент Сенаты және Мәжілісінің, мәслихаттар депутаттарын, Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару басқа органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне жетекшілік ету. Аудан әкімінің Степняк қаласы, ауылдық округ және ауыл әкімдерімен, жергілікті өкілетті органдармен әрекеттестігін қамтамасыз ету. Кадр саясатын қамтамасыз ету, мемлекеттік наградаға ұсыну бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру. Аппараттың қаржылық-шаруашылық қызметі және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ету.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылым немесе білім беру немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе табиғи ғылым немесе қызмет көрсету немесе өнер немесе техникалық ғылым және технология немесе ауылшаруашылық ғылым немесе ветеринария немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет;
3) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде жұмыс істейтін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде мемлекеттік;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, мемлекеттік органдар болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 112 730 теңгеден 152 017 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: жалпы басшылық және бөлім қызметін ұйымдастыру. Бөлім құзыретіне кіретін жоғары тұрған органдардың құжаттарын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын дер кезінде орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Бақылаудағы құжаттар мен тапсырмалардың орындалуы жөнінде басшылықты хабардар ету, тапсырмаларды орындау сапасына мониторинг жүргізу.Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша материалдар әзірлеу және ұсыну. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңын орындау, референдумдар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Мәжілісінің, жергілікті өкілетті органдарының депутаттарын, Степняк қаласы, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын дайындауға және өткізуге қатысу. «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы бойынша аудан сайлаушыларының тізімін түзету,аудан сайлаушыларының тізімін ай сайын салыстыру, сайлаушылардың саны туралы тоқсан сайын есеп дайындау. Аудан әкімі аппаратының келешек жоспарларын жасау, олардың орындалуын бақылау. Аппараттың ұйымдастырушылық жұмысын реттейтін құжаттарын әзірлеуге қатысу. Аудан, Степняк қаласы, ауылдықокругтер мен ауылдар әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Халыққа есеп беру кездесулерінде берілген аудан әкімінің тапсырмаларын орындау және аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру барысын бақылау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылым немесе білім беру немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе табиғи ғылым немесе қызмет көрсету немесе өнер немесе техникалық ғылым және технология немесе ауылшаруашылық ғылым немесе ветеринария немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік
органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
8) Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет. Тіркеу үшін тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және ұйымға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-кызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар Біржан сал ауданы әкімінің аппаратының ресми сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Біржан сал ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_______________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________________________________________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы: ___________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________
Е-maіl: _________________________________________________________
ЖСН:__________________________________________________________
_______________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 202_ ж.