Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданы «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен,        "Ауыл шаруашылығы бөлімі " ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген»

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:                   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- Мемлекеттік қызметтер: Біржан сал ауданының " Ауыл шаруашылығы бөлімі " ММ 6 қызмет түрін көрсетеді.

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 1 қызмет түрі,

- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 5 қызмет түрі.

- Тегін негізде 3 қызмет түрі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 205 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 23; - электрондық түрде - 181 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); МДБ "Е-лицензиялау" -1

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,сондайақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайтатіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»

.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-akmola.gov.kz.. бөлімнің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығының   телефондары

бойынша 1414.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы 2020 жылы әулеметтік жерлерде 2 мақалар және аудандық «Еңбекшілдер ЖАРШЫСЫ» және «ВЕСТИ Енбекшильдерья» газеттер  6 мақалалар жарияланды.

 "Адал көмек" жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерлерімен Халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізіледі (барлығы 2 сөз сөйлеу).

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқуға қатысқандар – 3 қызметкер оқытылды: - оның ішінде мемлекеттік қызметшілер-3, Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде өткізілді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.

2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

Қолдану

қызмет туралы есеп

 «Ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

                                                                                                  Біржан сал ауданы

қамтамасыз ету

 

 

 

Қызмет алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат  

Шағымберушітуралымәліметтер

Шағымның  мәні

Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым)

қарастырукүні

Шағымдықарастыруқорытындысыбойыншақұжаттың   №

Қабылданғаншешім

Қабылданғаншешімдіқайтақараутуралымәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

0

0

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы