
|
I. Жалпы мәлімет |
|
|
1.Қызмет көрсететін ұйым беруші туралы мәліметтер |
|
|
Мекеменің атауы |
Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ |
|
Орналасқан жері
|
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы , Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 34а үй, байланыс телефоны: 8(716 39) 21473 |
|
|
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман |
Айнур Каиргельдиновна Канапьянова - бас маман |
|
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ 2020 жылы мемлекеттік қызметтің он төрт түрін көрсетті:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі
«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметі
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметі
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту"," жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"," елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру"," Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу"," Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру", "жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату","», "Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу", " жер учаскесін жалдау шарттарын жасасу»
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Біржан сал ауданы әкімінің сайтында орналасқан www.enbek-akmola.gov.kz., бөлімнің fecebook, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Сапа критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, қызметтер алушылардың уақытылығы, қанағаттанушылығы, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік органдардың қызметтерін әрі қарай жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін әрі қарай жетілдіру, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша: ақпараттық стендтер жаңартылды, аудандық «Еңбекшілдер Жаршысы» газетіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы алты мақала жарияланды, бөлімнің (Facebook) әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.
2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2020 жылғы
Біржан сал ауданы әкімдігінің
қызмет есебіне
мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қараған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |