- Жалпы ережелер
- Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Біржан сал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміннің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бағынысты мекемесінің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтер саны: Біржан сал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміннің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі 3 қызмет
Біржан сал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміннің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің "E-gov"1 бұрышы орнатылған. 2020 жылы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» Біржан сал ауданының көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -1356, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы -898, электрондық үкімет порталы арқылы - 458.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бағынысты мекемесінің стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
"Адал көмек" жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді (барлығы 4 сөз сөйлеу).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Қосымша қызмет есебіне Біржан сал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміннің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көрсету мәселелері бойынша 2020 жылғы мемлекеттік қызметтер
Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
|
Шағым беруші туралы мәліметтер
|
Шағым мәнісі
|
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қараған күні
|
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған
шешімді қайта қарау
туралы мәлімет
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|