- Жалпы ережелер
- Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Орналасқан жері - Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 76 үй, байланыс телефондары: 8 (716 39) 2-13-62.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- Мемлекеттік қызмет саны: Біржан сал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтің 29 түрі көрсетіледі.
- 4 қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 29.
- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 22.
- 29 мемлекеттік қызметтің 6-ы ақылы негізде көрсетіледі.
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын 20 заңнамалық нормативтік құқықтық актілер бекітілді
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1081 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 592; - электрондық түрде - 283 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - қызметті беруші арқылы көрсетілетін – 206 қызмет.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету «электрондық үкімет порталы» арқылы
Біржан сал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 15 электрондық қызмет көрсетілді.
- Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру», «жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету», «азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру».
- Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының стенділерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында www.enbek-akmola.gov.kz, аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414 алуға болады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл ішінде 6 семинар - кеңес және «дөңгелек үстел» өткізілді. БАҚ және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 15 мақала жарияланды.
«Адал көмек» жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік органдар қызметкерлерімен Халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізіледі (барлығы 4 сөз сөйлеу).
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Үш қызметкер мемлекеттік қызметтер Академиясына біліктілігін арттыруға жіберілді, оның ішінде бір қызметкер онлайн форматта оқудан өтті.
2) Тексеру қорытындысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметтер бойынша есептік деректерде айырмашылықтың 2 фактісі анықталды. «Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтарға жекелеген катеорияларға әлеуметтік көмек тағайындау», «жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу».
Мемлекеттік қызмет көрсететін бір маманға ескерту түрінде тәртіптік сипаттағы шара қабылданды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Біржан сал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2020 жылғы есебіне
қосымша
Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
|
Шағым беруші туралы мәліметтер
|
Шағым мәнісі
|
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қараған күні
|
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған
шешімді қайта қарау
туралы мәлімет
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|