- Жалпы ережелер
- Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Біржан сал ауданының "Кеңащы ауылы әкімінің аппараты" ММ Жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) Жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтер саны: ауыл әкімі аппаратымен көрсетіледі 7 қызмет
- 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің бір түрі көрсетілді
Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің "E-gov"1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 57 электрондық қызмет көрсетілді.
- Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» «Салымшы қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы көшірме», «Жылжымайтын мүліктің жоқтығы(барлығы)туралы аңықтама беру», «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру», «Баланың туылғанын тіркеуге электронды өтініш тапсыру»,«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу », «Мүгедекті растау туралы ақпарат», «Қайтыс болуды туркеу», «Наркологиялық науқастардың электрондық анықтама», «Психоневрологилық ұйымнан анықтама»
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша .
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
"Адал көмек" жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді (барлығы 2 сөз сөйлеу).
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)
2020жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Қосымша қызмет есебіне Біржан сал ауданы Кеңащы ауылы әкімдігінің көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер 2020 жылғы
Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
|
Шағым беруші туралы мәліметтер
|
Шағым мәнісі
|
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қараған күні
|
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған
шешімді қайта қарау
туралы мәлімет
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|