
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, «Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- Мемлекеттік қызметтер: Біржан сал ауданының «Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ 7 қызмет түрін көрсетеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 57 құрады: мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1, электрондық түрде (ЭҮП Ақпараттық жүйелер) – 56; көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 0 қызмет.
Ауыл әкімінің аппаратында "E-gov" өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 56 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
«Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама»,» салымшының ақша қаражатының түсуі бойынша анықтама», психоневрологиялық мекемеден анықтама», «наркологиялық мекемеден анықтама»,»соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама»,»туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама»,»Әкімшілік құқық бұзушылықтарға тартылуының болуы (болмауы) туралы анықтама»
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-akmola.gov.kz. аудан әкімінің Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай - ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Жария талқылаулар үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта «электрондық үкімет» веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
«Адал көмек» жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізіледі (барлығы 2 сөз сөйлеу).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді, атап айтқанда білім беру саласы 2 мемлекеттік қызмет, әлеуметтік сала бойынша 7 мемлекеттік қызмет, ТКШ саласы 3 мемлекеттік қызмет бойынша.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
«Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ
Біржан сал ауданының мемлекеттік
қызметтер көрсету сұрақтары бойынша
қызмет есебіне 2020 жылға қосымша
Қызмет алушылардың шағымдары мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған Орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |