Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

    Біржан сал ауданының "Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) Жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

      Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

  • мемлекеттік қызметтер саны: ауыл әкімі аппаратымен көрсетіледі 7 қызмет

2020 жылы - 3 қызмет көрсетілді:

  • - электронды түрде ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 0

-        - Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 3  

   Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің "E-gov"1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 37 электрондық қызмет көрсетілді.

  • Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

    «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Заңды тұлғаныжылжымайтын мүлікінің болмауы(болуы)туралы аңықтама беру», «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру», «Пайдаланушыны азаматтардың мобильдік базасында іздеу», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы аңықтама беру».

2.     Қызмет алушылармен жұмыс

1)    Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша .

2)    Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады

3)    Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

    "Адал көмек" жобасы аясында аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді (барлығы 2 сөз сөйлеу).

3.     Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

     Осыған байланысты, 2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.

2)    Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

   2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді, атап айтқанда білім беру саласы 2 мемлекеттік қызмет, әлеуметтік сала бойынша 7 мемлекеттік қызмет, ТКШ саласы 3 мемлекеттік қызмет бойынша.

4.     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1)    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2)    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.     Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

     Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

Қосымша                                     қызмет есебіне  Біржан сал ауданы әкімдігінің көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер                     2020 жылғы

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік                    қызметтер көрсету мәселелері бойынша

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым мәнісі

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

шешімді қайта қарау

туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы