
I.Жалпы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы Кирова көшесі 80, байланыс телефондары 8/71639/ 2-81-61; 2-81-23.
Әкім: Әсет Рәкімжанұлы Шәріпов
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Гүлмира Нығметжанқызы Ташмағамбетова-бас маман
Біржан сал ауданының «Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің жеті түрін көрсетеді:
«Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметі
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі
«Бурын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі
2020 жылы мемлекеттік қызметтердің төрт түрі көрсетілді:
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы - электронды жүзінде.
Барлық саны-2 Барынша талап етіледі.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметі.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы-электрондық (ішінара автомааттандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Барлық саны-47 Барынша талап етіледі.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметі көрсету нысаны – электронды түрінде. Тегін көрсетіледі.
Барлық саны-9. Барынша талап етіледі.
«Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық түрінде.
Барлық саны-1. Барынша талап етіледі
II.Көрсететін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Біржан сал ауданы әкімінің ақпараттық порталында «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат Макинка ауылдық округінің ғимаратында және округтің барлық мемлекеттік мекемелерінде орналасқан стендтерге жайғастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус, шақыру түймесі, автотұрақ және автотұрақттың жол белгісі бар. Тамыз айында «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет туралы аудандық газетте мақала жарияланды, шілде айында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында аудандық қызметтердің басшылары мен мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізілді. Әкімдік ғимаратында ақпараттық банерлер орналастырылған. Egov.kz порталында өзіне-өзі қызмет көрсету пункті бар.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілген барлық қызметтер бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Макинка ауылдық округі ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкімет сайтында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінде-«Жұрт алдында талқылау» тұрақты талқылау жұмыстары өткізіледі.
2020-2021 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарларына сәйкес сапа, уақтылылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету (ақпараттық стендтерді жаңарту) бойынша), қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету және электрондық қызмет алуды танымал ету (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау).
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы тікелей ауылдық округ әкімінің аппаратынан, электрондық үкімет порталы және" Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы электрондық форматта ақпараттандыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады. "Е - gov" порталына өзіне-өзі қызмет көрсету пункті бар, 166 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (Қосымша):
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қараған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біржан сал ауданының «Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебіне көпшілік талқылау өткізіледі. 2020 жылға есеп Біржан сал ауданы әкімінің сайтына жарияланатын болады. Қызметтер көрсетулер саласындағы мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімі сайтының арнайы блогына www.enbek-akmol.gov.kz орналастыруға немесе Біржан сал ауданының «Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің өкілетті органының тұрған жері бойынша демалыс және мерекелік күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен беруге болады. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Кирова көшесі, 80. Байланыс телефондары: 8 (716 39) 2-81-61, 8 (716 39) 2-81-23.
Макинка ауылдық округі әкімі Ә.Р.Шәріпов