
I.Жалпы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылы Жамбыл көшесі 8, байланыс телефондары 8/71639/ 2-65-13; 2-65-90.
Әкім: Жакыпова Әмина Мәлікқызы
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар:
Шайзадаева Ғалия Маратқызы - бас маман
Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің жеті түрін көрсетеді:
«Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер участкесін жекеменшікке сату» мемлекеттік қызметі
«Жер участкесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі
2020 жылы келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді:
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы - қағаз жүзінде
Барлық саны – 6. Барынша талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы - қағаз жүзінде.
Барлық саны-14. Барынша талап етіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы - электронды жүзінде.
Барлық саны-1. Барынша талап етіледі.
2020 жылы "Е-gov" қол жеткізу пункті арқылы 93 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу-2,
АӘК алу тиістілігін растайтын анықтама-2, жылжымайтын мүлік обьектісін анықтау туралы анықтама-2,сотталмағандығы туралы анықтама-12, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына көшірме. әлеуметтік аударымдардың жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат-1, тұрғылықты жері бойынша тіркеу – 7, баланың тууын тіркеу – 2, қабылдау құжаттары және білім беру ұйымдарына қабылдау – 6, ЭЦҚ тіркеу – 10, жүйке-психиатриялық диспансерден анықтама – 1, наркологиялық диспансерден анықтама – 5, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту – 3, мемлекеттік қызметке тестілеуге жіберу туралы өтініш – 2, мұрағаттық анықтама беру – 2 және т.б.
II.Көрсететін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Біржан сал ауданы әкімінің ақпараттық порталында «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат Аңғал батыр ауылдық округінің ғимаратында орналасқан стендтерге жайғастырылған. "Е-gov" порталына өзіндік қызмету көрсету- қол жеткізу пункті бар. Біржан сал ауданының " Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің ғимаратында "Е-gov" бойынша ақпарат баннері ілінген. Мүгедектер үшін "көлік тұрағы" белгісі орнатылған. Көзі нашар көретін мүгедектер үшін әкімдікке, мектепке кіре берісте тактильді жолақтар бар.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілген барлық қызметтер бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Аңгал батыр ауылдық округі ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасы
ның egov.kz электрондық үкімет сайтында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінде-«Жұрт алдында талқылау»тұрақты талқылау жұмыстары өткізіледі
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ- нің мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылармен мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сұрақтар түскен кезде нақты, тиянақты жауап береді және олар есепті кезеңнің нәтижелерін көрсетіп, ұсыныстар енгізіп отырады.
III. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. Сапа критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, қызметтер алушылардың уақытылығы, қанағаттанушылығы, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік органдардың қызметтерін әрі қарай жетілдіру мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін әрі қарай жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі және электронды қызмет алудың кең таралуы туралы хабардар ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау) жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.Қызмет алушылар тарапынан арыздар түскен жоқ (қосымша):
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және шеш қабылдаған орган |
Қараған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қараутуралы мәлімет |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебіне көпшілік талқылау өткізіледі. 2020 жылға есеп аудан әкімінің сайтына және аудандық бұқаралық ақпарат құралында «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» жарияланатын болады. Қызметтер көрсетулер саласындағы мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімі сайтының арнайы блогына www.enbek-akmol.gov.kz орналастыруға немесе Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің өкілетті органының тұрған жері бойынша демалыс және мерекелік күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен беруге болады. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңгал батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 8. Байланыс телефондары: 8 (716 39) 2-65-13, 8 (716 39) 2-65-90.
Аңгал батыр ауылдық округі әкімі Ә.Жакыпова