Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020700, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23, анықтама алу үшін телефон: 8(71639)21912, факс 8(71639)21441, электрондық мекенжай – birzhansal_sup@aqmola.gov.kz электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 МБ артық емес, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т. б.) - 5 МБ артық емес) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2023 жылғы 27 қазан аралығында негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.

Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 142 461 теңгеден 190 366 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастыру. Бөлінген  қаржыны жұмсауды бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардың және бөлімнің құжаттарын уақытында орындауды жүзеге асыру. Бухгалтерлік есепке алу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс істеу секторларының жұмыстарын үйлестіру. Жергілікті атқарушы органдармен, салық басқармасымен, МЗТО филиалымен және құқық қорғау органдарымен әрекеттестік. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім беру немесе құқық (заңтану) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе социология) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік

органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары

бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

8) Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет. Тіркеу үшін тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және ұйымға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-кызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар Біржан сал ауданы әкімінің аппаратының ресми сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Біржан сал ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________________________________________________________________

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ___________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

Е-maіl: _________________________________________________________

ЖСН:__________________________________________________________

_______________________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ж.

Дата публикации
15 февраля 2021
Дата обновления
15 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы