
11 ақпанда Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Матрицаға сәйкес," қызыл аймақта": Ақмола және Павлодар облыстары. "Сары аймақта": Нұр-сұлтан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. "Жасыл аймақта" - қалған барлық өңірлер. Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұр-сұлтан қаласы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "қызыл аймақта" қалып отырғаны хабарланған болатын.