
Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен бейнеконференция режимінде өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Өлім-жітім бойынша-97 орында, тестіленушілер саны бойынша - 69 орында, сауыққандар саны бойынша – 87 орында, ауыр жағдайлар саны бойынша - 55 орында", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі. Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирусқа оң нәтижемен 179 720 науқас және коронавирусқа теріс тестпен 47445 жағдай тіркелген.