
« Орталық атқарушы органдар басшыларының,әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерінің өткізу туралы» Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу керек. Қазіргі пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық эпидимиологиялық талаптарды сақтау мақсатында кездесулеріміз онлайн форматта өткізілетін болады.
Алдымен мен Уәлихан ауылдық округінде 2020 жылда атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға алға қойған мақсаттар туралы баяндама жасаймын.
Уәлихан ауылдық округінде 94 аула бар, тұрғындар саны 307 адам.Олардың 37 зейнеткер, 2 мүгедек, асыраушысынан айрылған екі отбасы, 15 - көп балалы отбасы бар. Жыл басынан бері округте 3 нәресте дүниеге келді. Округке қарасты елді – мекендерде бір мектеп, бір ауылдық клуб, екі дәрігерлік бөлімше, өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.
Елбасы жолдауында айтылғандай мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр. Адам еңбекқор болып , өз кәсібін жақсы меңгергенде,немесе жеке кәсіп ашып ,оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады делінген. Осы жолдау қағидасын алға қойып ауыл экономикасын дамыту мақсатында егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру маңызды орын алуда. Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 224552,0 гектар құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы 11194 гектар, ауылшаруашылық жерлері: жайылымдар - 206724,30 гектар, егістік жерлер - 6633,70 гектар.
Ауылдың негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев жолдауында ауылшаруашылығын әртараптандырып, дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай агроөнеркәсіп кешенін дамытып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету ауылдың негізгі басымдықтарының бірі болмақ.
Мал шаруашылығы бойынша:
Округ бойынша барлығы 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік,16 шаруашылық қожалығы,5 жеке кәсіпкер, 5 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тіркелген. Ауыл шаруашылығы салаларының басты бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. 2021 жылға 1 қаңтарға тұрғындардың және шаруа қожалықтарының мал шаруашылығындағы түлік саны: 1413 ірі қара мал, 3531 қой, 1431 жылқы , 400 құс бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауында «шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады.Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» - делінген.
Осы мақсатта ауыл шаруашылығы саласымен қатар, ауыл тұрғындары арасында дара кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары тұрақты жалғасын табуда. Ауыл экономикасын дамыту ісінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру маңызды орын алуда. Халықтың жағдайы жақсаруы нәтижесінде екі шаруа қожалығы ашылды; «Жол жақсы» және «Құт» шаруа қожалығы, «Азнабай», «Жарас», «БекШин» жеке кәсіпкері ашылып, мал шаруашылығында түлік басын өсіруге мақсат қоюда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Жол жақсы» шаруа қожалығы 4 миллион теңге несие алып,100 бас асыл тұқымды қой әкелді. «Құт» шаруа қожалығы 12 миллион теңге несие алып 500 бас асыл тұқымды қой алды.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, атап айтқанда- ауыл бойынша бүгінгі таңда 555 мың 600 теңге грант алып,Досов Қанат «Азнабай» жеке кәсіпкер иесі қайтарусыз грантқа асыл тұқымды қой сатып алды. Бүркітхан Венера Сәкенқызы «Жарас» жеке кәсіпкер иесі қол өнер бағдарламасы бойынша қайтарусыз грантқа іс тігетін машинасын сатып алып,өз жұмыстарын бастап кетті
Тұрғындарға өз кәсібін ашу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.
Автомобиль жолдары және құрылыс, санитарлық-тазалық, абаттандыру, көгалдандыру саласы бойынша:
Жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтан жиналған қаражат жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалуда. Атап айтқанда 2020 жылға арналған жергілікті өзін–өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржы есебінен ауыл ішіндегі көшелеріне қиыршық тас төселді.
Ауылда санитарлық-тазалықты сақтау мақсатында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жалғасын табуда. Көктем және күз мезгілдерінде ауылды көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 40 түп көшеттері отырғызылды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық жұмысқа 6 адам қабылданып, Республикалық маңызы бар жол бойларымен ауыл көшелеріне күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қыс мезгілінде Республикалық маңызы бар жолдарды «Көкшетау жолдар» кәсіпорны,аудандық маңызы бар жолдарды «Степняк су» кәсіпорны жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізді.Және де биылғы жылы да осы кәсіпорындар өз жұмыстарын жалғастыруда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4 адам жұмысқа тартылды, ақылы қоғамдық жұмысқа 6 адам жұмысқа тартылды.
«Қарттар айлығы» мейрамында округтің 46 зейнеткерлеріне азық-түлік себеті таратылды, мерекеге «Айша» шаруашылық қожалығы, «Әлімжан» шаруашылық қожалығы, «Кәусар» шаруашылық қожалығы және Шәріпов Берік Рамазанұлы мен Дінмұхамедов Серікбол демеушілік көрсетті.
«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында округтің 72 бүлдіршіндеріне тәттілер таратылды. Демеушілік жасаған кәсіпкерлер: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Пайда -2015» Мусин Рустем Орынбайұлы, «Нұр» шаруашылық қожалығы Мусин Нұрбек, «Бақытжан» шаруашылық қожалығы Аңсар Бақытжан, жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Сенім бірлік» Қорабаев Қорғасын, жеке кәсіпкер «Теміргалиева» Теміргалиева Халима Кеңесбайқызы.
Аудан тарапынан газет- журналдар,зейнеткерлер мен мүгедектердің зейнет ақшасы уақытында жеткізіліп тұрады.
Білім беру және денсаулық сақта саласы бойынша:
Ауылда 1 негізгі мектеп бар. Білім беру ошағында жалпы саны 30 оқушы оқиды, оларға 12 мұғалім білім мен тәрбие беруде.Оның ішінде: 8 мұғалім жоғарғы және 4 мұғалім арнаулы орта білімді. Сонымен қатар мектеп жанында шағын «Әсем» орталығында 13 бүлдіршін тәрбиеленуде.Шағын орталығында 2 тәрбиеші жұмыс атқаруда.Облыс және аудан көлемінде өткізіліп жатқан онлайын сайыстарына оқушыларымыз қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр. Мектепке қысқы маусымға қажетті отын толығымен бөлінген.
Жыл сайын «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы ұйымдастырылып,1 – сыныпқа көпбалалы отбасынан келген оқушыларға мектепке керекті оқу-құралдары мен киім кешектер әперіледі.
Округте екі медициналық пункт бар.Онда бір медбике мен екі көмекшісі қызмет атқарады. Медициналық пункте алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрімектермен қамтылған,бірақ ауыл тұрғындарға дәрі –дәрмектерді сатып алатын дәріхана жоқ,себебі арнайы фармацевт маманы жоқтығынан.
Сонымен қатар округте мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы бар,елімізде болып жатқан жағдайға байланысты мәдени іс-шаралар онлайн түрде өткізілуде. Санитарлық талаптарды сақтай отырып ауыл жастарына домбыра үйірмесі ашылып,өз жұмыстарын жүргізуде.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетінен 7 миллион 269 мың теңге қаражат бөлініп, жеке кәсіпкер «Кабдуллин Т.К.» Уәлихан ауылында 500 метр су құбыры тартылып, ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар Уәлихан ауылына қарасты бұрынғы Көдебас ауылындағы ағынды суларды бөгеуге арналған бітеу бөгеті мен ауылға кіре беріс жолдарын жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен 4 миллион 27 мың теңге қаражат бөлініп, «Степняк су» кәсіпорны жұмыс атқарды,сонымен қатар «Қазақ алтын»,«Алуа строй» кәсіпорны демеушілік жасап жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылға алға қойған міндеттер
Бүгінгі таңда халқы саны 200 адамнан аз шағын ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында санитарлық сапа нормаларына сәйкес келетін су тарату пункті кешенді блок-модульдерін орнату Алға ауылында жоспарланып отыр.Облыс бюджетінен 6 миллион 300 мың теңге қаражат бөлінді.
2020 жылдан бастап 4 деңгейлік бюджетке көштік, сол себепті округтің өзекті мәселелерін орындауға бар күш жігерімді саламын.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің көлемін арттырып, оларды жинауға ықпал етемін.
Ауылдағы автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамыту арқылы жұмыс орындарын көбейту, Кәсіпкерлер тарапынан инвиститция тарту.
Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтап, оларға өз кәсібін ашуға жәрдемдесу арқылы әлеуметтік жағдайларын көтеру.
Уәлихан,Алға ауылдарында интернет желісінің және ұялы байланыс қызметтеріне сапалы қол жеткізу өз шешімін табады деген ойдамын.
Жоғарыда айтылған мақсаттарға елдің бірлігінің арқасында жетуге болады. Баяндамамды Ел басымыздың мынадай сөзімен аяқтағым келеді «Бірлігіміз берік, тірлігіміз серік болсын! Еліміз жарқырап, жайнай берсін!»
Назарларыңызға рахмет!
Сұрақтарыңызды,ұсыныстарыңызды әр аптаның сәрсенбі күндері жеке қабылдауымда немесе Уәлихан ауылдық округінің телефон 3-13-19 нөмеріне, ауылдық округінің valihanovoakimat@mail.ru электрондық поштасына,әлеуметтік желідегі Уәлихан ауылдық округінің парақшасы және Whatsapp +7 700 664 08 78 нөміріне жіберуге болады.