Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Кеңащы ауыл әкімінің 2020 жылға әлеуметтік- экономикалық дамуының есебі және 2021 жылға қойылған жоспары туралы

Кеңащы ауылында    340 адам  тұрады. Олардың  44-і  зейнеткер,10 - ы мүгедектер, асыраушысынан  айырылған отбасы -1 , көп  балалы   отбасы -17. Еңбекке  қабілеті  адамдар -161 ,оның  ішінде 151  жұмыс  істеуде.

Ауылымызда  2020 жылы  6  нәресте дүниеге  келді.

        2020 жылғы  жеке  тұлғалардан  бюджетке  салық  598600 теңге құрады. Оның ішінде жер  салығы – 17400  теңге, мүлік- 13500 теңге, көлік- 529400  теңге.

    Ауыл шаруашылығы салаларының басты бөлігі мал  шаруашылығы болып табылады.  «Вurabau Astuq» жауапкершілік  шектеулі серіктестікте 1718 бас  ірі қара малы бар. Келешекте 2500 басқа көбейтуде. Ауыл тұрғындардың  29 адам жұмыс  істейді.

Жеке   меншіктің қолында: ірі  қара  мал-339 бас, қой,ешкі-606, жылқы-284 бас  құрайды.

Жеке кәсіпкерлердің  арасында  ірі қара мал  саны 395 бас, жылқы саны 321 бас  құрады.

Мал  басының өсуіне байланысты бүгінгі уақытта катаң ветеринарлық   талаптар қойылып,  орындалуын бақылауға алынған. Малдан  зерттеуге  қан алынып  және  мал ауруларына қарсы екпе шараларын уақытында орындалды.  

      Кеңащы ауылында  бір  мектеп жұмыс  істеуде. Онда 72 бала  білім алуда. Даярлық сыныпқа 8 оқушы қабылданды. 2020-2021 оқу жылында мектепте 20 ұстаз  дәріс  беруде. Мұғалімдердің ішінде жоғары білімді- 19 , арнаулы орта білімді- 1 .

 «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көпбалалы  отбасылардың  2 оқушы көмек алды. Жаппай білім  қорынан  көмек  алуға құқылы  отбасылар тегің мектеп формасымен , спорттық киімдермен, спорттық  аяқ киімдерімен, кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етілді.

Жаңа жыл  қарсанына  Абзелов Амангельды Кайроллаұлы тегін 78 оқушыларға  жаңа жылдық тәттілерге  толы  сыйлықтар және спорттық құрал- жабдықтармен қамтамасыз  етті.

Өзінің білімі мен шығармашылықтарымен  мектеп  мұғалімдері де тыс қалмайды. Бірнеше аудан, облыс көлемінде  марапатталған .

       Бүлдіршіндерге  арналған жарты  күндік  екі  топ  жұмыс  істеуде.Екі топта 33 бала бар.

      Әлеуметтік қызмет көрсету барысында  медициналық пункт , кітапхана, пошта  қызметкері және күнделікті  қажетті  тауарлармен  қамтамасыз  ететін азық- түлік,киім-кешек  дүкені бар.

        Ауылымызда   мәдени ғимараты  болмасада  биыл онлайн  мәдени  іс-шаралар  өткізіліп тұрды.

 «Қарттар  айылығында»  - «Вurabau Astuq» жауапкершілік шектеулі серіктістігі әр зейнеткерлерге 5000 теңге таратты.

Жаңа 2021 жыл  мерекесіне мектепке дейінгі және мектепт оқушыларға  жаңа жылдық тәттілерге   толы сыйлықтар олы  таратылды. Демеушілік  жасаған   «Вurabau Astuq» жауапкершілік шектеулі серіктістігі  және жеке  кәсіпкер Ермағамбетова Сауле  Касеновна.

   2020-2030 жылдардағы  ауыз  су  бағдарлама бойынша жергілікті  бюджеттен 63 млн. теңге бөлініп  су құбырына  ағымдағы жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.   

Жыл сайынғы   есеп беру  кезінде  қойылатын мәселе- ол интернет  желісіне қосылу. Биыл  жергілікті бюджеттен 1994 мың.теңге  бөлініп- радиомост  орнатылды.  Биылғы  жылы  жол  бойындағы  екі  аялдама, Ұлы  Отан соғыс  ардагерлеріне арналған  ескерткішке   жөндеу жұмыстары  өткізілді .

2021 жылға қойған   мақсаттымыз – Тартылмаған  көшелерге  су құбырларын тарту.  Көшелерді жарықтандыру.

Алдағы  уақытта  ауылымызды  дамыту  жолында  жұмыстар  атқарылады.

 

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы