
Мамай ауылы әкімі С.Б.Сүлейменовтың сөзінен
Құрметті Мамай ауылының тұрғындары !
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Мемлекет басшысының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ пандемия кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында, онлайн режимінде өтеді.
Тұрғындар өз сұрақтары мен ұсыныстарын Мамай ауылы әкімдігі ғимаратында орнатылған жәшіктерге жазбаша түрде сұрақтар мен ұсыныстарын қалдырды, сонымен қатар Мамай ауылы әкімдігінің электрондық пошталарына, Facebook әлеуметтік желідегі Мамай ауылы әкімдігінің аккаунттары парақшаларына сұрақтарын алдын ала жолдады .
2020 жылы атқарылған жұмыстар және 2021 жылы алға қойылған міндеттер жайлы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Мамай ауылы бойынша 74 аулада 259 адам тұрады. Олардың 36 зейнеткер, 13 мүгедек. Еңбекке қабілетті 145 адамның 102 жұмыс істеуде. Еңбек биржасының есебінде 2 адам тұр.
Жалпы 31271 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының 18720 гектары егістік жер алқабы.
Ауылдың негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы жолдауында ауылшаруашылығын әртараптандырып, дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай агроөнеркәсіп кешенін дамытып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету ауылдың негізгі басымдықтарының бірі болмақ.
Егін және мал шаруашылығы бойынша:
Ауылда егін шаруашылығымен 4 ЖШС жұмыс істеуде, «Вертикаль», «Агрополис», «Аскоп», «Kaz Beef Ltd»
Сонымен қатар ауылымызда жеке шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлер де егістік және мал шаруашылығымен айналысып жатыр, атап айтсақ ШҚ «Ахметқалиев», ШҚ «Ернар», ШҚ «Балу», ШҚ«Мұрат»,ШҚ «Осербай» , СПК «Бірлік», ЖК «Оразалин», ЖК «Сайлаубаев» .
Ауыл шаруашылығы салаларының басты бөлігі мал шаруашылығы болып табылады. 2010 жылдан бастап ауылымызда мал шаруашылығын дамыту мақсатында ЖШС «Kaz Beef Ltd» Американың Солтүстік Дакота штатынан әкелінген «Герефорд және Ангус» асыл тұқымды ірі қара малдарын әкеліп, ірі қара өнімін көбейтуде, қазіргі уақытта саны 7000 ға жетті.
Ауыл тұрғындары арасында дара кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары тұрақты жалғасын табуда. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, атап айтқанда- ауыл бойынша бүгінгі таңда «Игілік » бағдарламасы бойынша 1 азамат 4 млн теңге, даму бағдарламасы бойынша «Бастау бизнесі» аясында 7 ауыл тұрғыны мал шаруашылығымен айналысуда .
Тұрғындарға өз кәсібін ашу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Мал шаруашылығын дамыту мақсатына әрине ең үлкен кедергі және өзекті мәселе болып отырған мал жайылымының жетіспеуі. Жыл сайын ауыл төңірегеінде орналасқан ЖШС «Вертикаль» жайылым аумағы 881га және «Перспектив строй»ЖШС –не қарасты 3500 га жайылым алқабына екі жақты бір жылға келісім жасалады.
2020 жылы атқарылған және ағымдағы 2021 жылы алға қойылған міндеттер бойынша: Жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтан жиналған қаражат жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалуда. Ауыл ішіндегі Абылайхан, Ш.Уәлиханов және Абай көшелеріне қиыршық тас төселді. Ш.Уәлиханов көшесіне 5 жарық шамдары орнатылып , дауылдан зардап шеккен электр желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жарық шамдары іске қосылды.
Ауылда санитарлық-тазалықты сақтау мақсатында ағымдағы жылы үй үйінділерінен тазартылды және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жалғасын табуда. Әкімдік тарапына қатысы бар штахетті қоршауларға сырлау жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы штахетті қоршауларды евроштахетті қоршауға ауыстыру жұмысын бастаймыз. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қоғамдық жұмысқа 6 адам қабылданып, Республикалық маңызы бар жол бойларымен ауыл көшелеріне күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауыл көшелерінің жол бой Ағымдағы жылы Аксу –Торга –Макинск Республикалық жол бойына жалпы ұзындығы 1 шақырым жерге 25 дана жарық шамдарын орнату жұмысының сметалық құжаттамасы әзірленіп орнату жұмыстары жүргізілетін болды. Тағы айта кетер жақсы жаңалық халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Мамай су құбыры желісіне су тазартықыш құрылғы орнату жұмысының сметалық құжаты әзірленуде.
Әлеуметтік сала бойынша.
Биылғы жыл пандемияға байланысты карантин жарияланғаннан бастап Вертикаль, Агрополис ,Аскоп , Казбиф ЖШС ЖШС- рі тарапынан ауыл қарттарына , мүгедектерге, көпбалалы ата-аналарға ,жалғыз басты қарттарға қол ұшын беріп қаржылай,азық түлік ретінде көмектерін көрсетті.
Білім беру саласы бойынша:
Ауылда 1 негізгі мектеп бар. Білім беру ошағында жалпы саны 26 оқушы оқиды, оларға 11 мұғалім сабақ беруде. Мектептерге қысқы маусымға қажетті отын толығымен бөлінген. Мектепте асхана жұмыс істейді , шәкірттер ыстық тамақпен толық қамтылған.
Жыл сайын «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Биылғы жылы жер төледе орналасқан бу қазандығын сыртқа шығару жұмысына 19 964 млн.тенге қаражат қарастырылып сметалық құжаты әзірленуде.
Жастар ісі бойынша.
Ауыл тұрғындарының төрттен бірін құрайтын жастар - мемлекетіміздің басты капиталы. Оларға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беріп, ел игілігі жолында еңбек етулеріне бағыт-бағдар көрсету баршамыздың міндетіміз. Сондықтан ауылымыздың жастармен тұрақты жұмыстар жүргізіп келеміз.
Мамай ауылында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, рухани-мәдени бағытта, діни бағытта, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кездесулер түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауылдың тыныс тіршілігін жақсарту мақсатында келесі міндеттерді үнемі орындау қажет:
Ауылдағы автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз ету орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамыту арқылы жұмыс орындарын көбейту, Кәсіпкерлер тарапынан инвиститция тарту.
Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтап, оларға өз кәсібін ашуға жәрдемдесу арқылы әлеуметтік жағдайларын көтеру.
Табысы аз адамдарды анықтап, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізуді, жалғыз ілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылған мақсаттарға елдің бірлігінің арқасында жетуге болады, баяндамамды Ел басымыздың мынадай сөзімен аяқтағым келеді «Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды» делінген. сол себепті бар болайық –аман болайық ағайын ! Назарларыңызға рахмет!