
Қазақстан өңірлеріндегі 11 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Ақмола және Атырау облыстары орналасқан. Бұл туралы "ҚазАқпарат"ХАА хабарлайды.
"Сары" аймақта: Нұр-сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. Хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР бар 746 науқас анықталды. Ақмола облысында - 59, Атырау облысында - 73.