Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Достанбек Есжанов Covid-19 таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

Отырыс барысында Степняк қаласы, Макинск, Үлгі а/о әкімдері мен штаб мүшелерінің есебі тыңдалды, олар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ағымдағы жағдай және карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндады. Біздің азаматтарымыздың денсаулығын қорғауға бағытталған коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар негізделген және уақтылы болып табылады. Сонымен қатар, халық арасында әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. Әрбір тұрғын ең тиімді құрал – алдын алу мен өзін-өзі оқшаулаудың қарапайым шараларын сақтау екенін есте ұстауы керек. Біздің мақсатымыз бір- ол вирустың таралу жылдамдығын барынша азайту. Осыған байланысты аудан тұрғындарына мүмкіндігінше үйден сирек , тек қажет болған жағдайда шығуға кеңес беріледі. Отырыс қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде хаттамалық тапсырмалар берілді.

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы