Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қаласында 800-ден астам адам үй карантинінде

Бүгінде Көкшетаудағы эпидемиологиялық жағдай қалай? Бұл сұраққа қалалық бас санитар дәрігер Қанат Искаков жауап берді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, 10 қарашадағы жағдай бойынша 1710 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы, 1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан 10 қарашасына дейін 252 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, оның 84% -ы симптомдармен, 16% симптомсыз вирусты тасымалдаушылар. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 2,3 есеге өскен.

Медицина қызметкерлерінің арасында қазан, қараша айларында 40 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 28-і симптомдарымен.

«Қала бойынша 255 белсенді ошақ анықталды. Ал жұқпалы аурулар ауруханасында 86 науқас емделуде. Дәрігерлердің бақылауымен 840 адам үй карантинінде жатыр. Көктем мен жазғы кезеңдегі жағдайды ескеретін болсақ, біз бүгінде эпидемиялық жағдайға дайынбыз, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенбіз», - дейді Қанат Тұрсынбекұлы.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің қолданыстағы Қаулысының талаптарын сақтау бойынша 12 мониторингтік топ жұмыс жасауда. Рейдтік тексеру барысында 5 шілде мен 10 қараша аралығында карантин режимі талаптары бойынша 2365 объект анықталып, 30,0 млн теңге сомасында 398 айыппұл салынған.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетау қаласының маңында 6 санитарлық бекет қойылған еді. Енді карантин талаптары күшейтіліп, 13 қарашадан ПТР анықтамасы жоқ Ақмола облысында тұрмайтын адамдарға Көкшетаудың карантиндік аймағына кіруге тыйым салынды.

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы