
Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
Сізді нақтылы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.
Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік Дерекқордың негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ ол қай сайлау учаскесінің тізіміне енгізілгенін нақтылауға құқылы.
Егер сізге сайлау күні сіздің тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болған жағдайда, сіз болатын жеріңіз бойынша 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.
Сайлаушылар тізіміне қосуға және одан шығаруға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты, өз деректеріңізді нақтылау, сондай-ақ сайлау учаскесінің нөмірі мен оның орналасқан жерін анықтамалық орталықтан ала аласыз.
Біржан сал ауданы әкімдігінің сайтында «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тап, өзіңнің сайлау учаскеңді тап» сервисі жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталған сервисті қолдану ақылы ЖСН көрсетіп, өзіңізді сайлаушылар тізімінен таба аласыз.
Мәліметтер болмаған жағдайда анықтамалық орталыққа хабарласуды сұраймыз.
Анықтамалық орталықтың жұмыс кестесі
|
№ |
Жұмыс күндері |
Жұмыс уақыты |
Анықтамалық орталықтың байланыс деректері
|
|
1 |
дүйсенбі-жұма
|
9:00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін |
Телефоны: 8 (71639) 2-12-41 |