
Бүгін аудан әкімі Достанбек Есжановтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында 2020 жылдың 10 айының бюджет қаражатын игеру, жылыту маусымы барысы мәселелері, 2020 жылдың 10 айында атқарылған жол жөндеу және су құбырлары жүйелерін жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар, ауылдық елді мекендердің құрылыс сызбасы, ауылдық елді мекендердің шекараларын белгілеу, сондай-ақ Covid-19 бойынша ағымдағы жағдай және ауданның мониториг тобының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.Жауапты басшыларға өз бағыттары бойынша қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау қажеттілігі туралы ескертілді.