
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 22 қазандағы № 26/51 қаулысымен аудан аумағының шекарасында Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округін құрды.
Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Біржан сал ауданы аумақтық сайлау комиссиясы келесі мекен жайда орналасқан:
Степняк қ. Біржан сал көшесі, 23, тел.: 8 (716 39) 2-22-27.
Біржан сал ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы