Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020700, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23, анықтама алу үшін телефон: 8(71639)21912, факс 8(71639)21441, электрондық мекенжай – birzhansal_sup@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттау бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 112 730 теңгеден 152 017 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімнің қызметін ұйымдастыру, аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік және ресми тілдерде іс жүргізуді және құжаттандыруды ұйымдастыру. Аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылау жұмыстарын жүзеге асыру. Аудан әкімінің аппаратында іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтың сақталуын бақылау. Аудан әкімінің аппаратында азаматтарды жеке қабылдауды және өтініштермен жұмысты ұйымдастыру. ЭҚАБЖ арқылы азаматтардың өтініштері бойынша есептің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің аппаратында құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды жүзеге асыру. Аудандық әкімдіктің отырысына құжаттар дайындау. Аудандық әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін шығаруды ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдарға ісжүргізуде көмек көрсету. Азаматтардың өтініштері мен хаттарын уақытылы қарауды, жоғарғы тұрған органдар құжаттарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылым немесе білім беру немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе табиғи ғылым немесе қызмет көрсету немесе өнер немесе техникалық ғылым және технология немесе ауылшаруашылық ғылым немесе ветеринария немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік

органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары

бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

8) Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі ‒ Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін  бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет. Тіркеу үшін тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және ұйымға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-кызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар Біржан сал ауданы әкімінің аппаратының ресми сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Біржан сал ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ____________________________________________________________________

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ___________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

Е-maіl: _________________________________________________________

ЖСН:__________________________________________________________

_______________________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ж.

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы