
"Дипломмен ауылға" жобасы 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы жоба бойынша жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген (2020 жылға арналған АЕК — 2778 теңге, 100 АЕК — 277 800 теңге, 1500 АЕК — 4 167 000 теңге).
Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тек ағымдағы жылы ғана Ережеге 2 рет өзгерістер енгізілді. Соңғы өзгертулер Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік қолдауды енді басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ала алады.
Аудан әкімдігінің алдағы кезеңде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауыл және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастыруы өзгерістердің бірі болып табылады.
Жоғарыда аталғандардан басқа, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға қатысты Ережелердегі өзгерістер туралы хабарлаймыз:
1) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушыларынан), балаларынан (оның ішінде асырап алғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінен (қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ маман тұрақты тұратын тұрғын үй-жай сатып алуға пайдалануға;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілген құжаттарды қарау кезінде бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен мамандарға берілмейді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман-көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация (ХҚО) арқылы ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушіге ("Біржан сал ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ) ХҚО арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;
кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;
кредиттік бюроның есебі.