Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылы көрсетілген мемлекет қызмет көрсету бойынша есебі

 

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылы көрсетілген мемлекет қызмет

көрсету бойынша есебі

 

Жалпы ақпарат

1. Қызмет беруші туралы ақпарат - ұйымның атауы

 

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Орналасқан жері

 

Ақмола облысы, Біржан сал ауданы,

Степняк қ., Биржан сал к. 76, байланыс телефондары: 8(71639)2-13-62

 

Басшы

Бейсенбаева Жадра Женісқызы

 

Мемлекеттік қызмет

көрсететін мамандар

 

Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы,  Сейтказина Сандуғаш Жасырбайқызы, Омарова Алия Бейсенбаевна.

 

 

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілді.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 26 түрін және түршелерін көрсетеді.

Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» 1 бұрышы орнатылған. 2025 жылы Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 611, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ  арқылы - 30,  электрондық үкімет порталы арқылы – 369, көрсетілетін қызметті беруші арқылы тікелей қағаз түрінде – 2, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы -210 қызмет.

  • .Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.  

«Еңбек иммигрантына рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды дайындау», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»..      

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсететін мекеменің стендтерінен, сонымен қатар Біржан сал аудан әкімінің ресми сайтында, аудан әкімінің және бөлімнін Instagram және Fаcebook парақшаларында алуға болады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Қызмет көрсету аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізілді, мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен дөнгелек үстелдер өткізілді

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

           2025 жылғы ақпан- наурыз айындарда өткізілетін есепті талқылау шеңберінде есепті талқылау, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады www.enbek-akmol.gov.kz немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынылсын.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты 87163922129, 87163921362 телефондары арқылы алуға болады немесе Біржан сал ауданы, Степняк қ., Біржан сал көшесі, 76 үй мекен жайы арқылы алуларыңызға болады.

 Бөлім басшысы                                                                        Ж. Бейсенбаева

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы