Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

 

Біржан сал  ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-нің                                                            2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

мәселелері туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
  6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

Барлығы 109 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: "электрондық үкімет" порталы арқылы - 105 қызмет, қағаз нысанда кеңсе арқылы - 4 қызмет.

Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Біржан сал ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан  - 1 өтініш.

"Е-Лицензирование" МДҚ арқылы - 105 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 98, заңды тұлғалардан – 7.

"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" – 104, оның ішінде жеке тұлғалардан – 97, заңды тұлғалардан – 7.

"Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату" - 1, оның ішінде жеке тұлғалардан - 1.

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" - 3, оның ішінде жеке тұлғалардан – 2, заңды тұлғалардан – 1.

Ауылдық әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 224 электрондық қызмет көрсетілді.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.   

"ЭЦҚ қашықтықтан алу","Мобильді азаматтар базасында тіркеу", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу", "Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру", "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу", "ЭЦҚ қайта шығару", "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру", "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы «Facebook» «Үлгі ауылдық округінің әкімдігі» ресми парақшасында: Мемлекеттік қызметтер бойынша 14 ақпараттық мақала жарияланды.

Қаңтар айында аудандық «Facebook» парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 6 мақала жарияланды: «Елді мекен шегінде құрылыс объектісін салу үшін жер учаскесін беру», «Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскелеріне құқықтарды конкурссыз (аукционсыз) алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту».

Сәуір айында аудандық «Facebook» парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 6 мақала жарияланды: «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскелеріне құқықтарды конкурссыз (аукционсыз) алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту».

Маусым айында аудандық «Facebook» парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 2 мақала жарияланды: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту».

    

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

 

 

 

 

 

 

Қосымша

қызмет есебіне

Үлгі  ауылдық округінің

мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2025 жылғы

 

Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат мемлекеттік

қызметтер көрсету мәселелері бойынша

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым мәнісі

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

шешімді қайта қарау

туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

           Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1.   Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сапаны жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стенділерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету және электрондық қызметтер алуды танымал ету (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау) жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(71639)25107, 8(871639)25209.

 

 

Үлгі ауылдық округі әкімі                                                                         Р. Абжанова

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы