Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Краснофлот ауыл әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

Біржан сал  ауданының  «Краснофлот ауыл әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері

туралы есеп

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:  

Біржан сал ауданының «Краснофлот  ауыл   әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Краснофлот ауылы Еңбек 7, байланыс телефондары 8/71639/ 2-33-05.

Ауыл әкімі  Тәшімов Ақылбек Капышұлы

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:

 Сәдуова Шолпан Егінбайқызы.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Біржан сал  ауданының  «Краснофлот ауыл әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің  бес түрін көрсетеді:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
  6. «Жер  учаскесін  жалдау  мерзімін  ұзату»

Барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 35 электрондық қызмет көрсетілді.

  • Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"," Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату"," Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру", " Жеке зейнетақы қорының жинақталу жағдайы мен жарналары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы)туралы анықтама"," Сотталмағандығы не болмауы туралы анықтама"," Наркологиялық науқастар туралы анықтама"," Психологиялық бұзылулары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама", "Туберкулез ұйымы туралы "фтизиопульмонология" орталығынан анықтама", "Қашықтан ЭЦҚ","Заңды тұлғаны тіркеу туралы, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама беру", "Білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау көрсету үшін құжаттарды қабылдау.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

    1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет

көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

     2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  Кеңащы ауыл әкімі аппаратының   Facebook  парақшасында 2025 жылы айсайын  мемлекеттік қызмет  түрлері бойынша 36 материал  «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскесін жалдау мерзімін  ұзарту»  мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.

          Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Zoom арқылы конференциялар, семинар-кеңестер және түсіндірмелер өткізіледі . 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік- құқықтық жетілдіру.

    1)Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік- құқықтық жетілдіру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы                 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен тіркелді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33244 болып тіркелді. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

 2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік

қызметтер көрсету туралы айыптау мен шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық, қанағаттану критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.

          Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша 8-716-39-2-33-05 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

 

 

Краснофлот ауыл әкімі                                                     А. Тәшімов

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы