Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер мәселелері туралы есеп

Біржан сал  ауданының  «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер мәселелері

туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Баймырза ауылы, Сейфуллин көшесі 15, байланыс телефондары 8(716 39) 2 66 22.

Әкім: Садвокасова Алия Талгатбековна

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:

Котикова Марина Герихановна

      2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:1. «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну».2.«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару».3. «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу».4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу».5. «Жер телімін алу үшін кезекке тұру».6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».            3).Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 6, оның ішінде; "электрондық үкімет" порталы арқылы - 5 қызмет, «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы - 1 қызмет.             - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 82  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер – 5 (Бірінші кезең – 3 қызмет, екінші кезең -2 қызмет), сұранысқа ие қызмет.              - «Жер жалдау мерзімін ұзарту» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 110 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының негізінде көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Ол электронды және(немесе) қағаз форматында қол жетімді. Көрсетілген қызметтердің жалпы саны: 1.              «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша ең сұранысқа ие - «Баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік алу, АХАЖ жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Баланың тууына жәрдемақы және (немесе) бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы/әлеуметтік төлем тағайындау», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу », «Наркологтан анықтама беру ұйымдар», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу».

                 2.Қызмет алушылармен жұмыс

     1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы стендте және ақпараттық баннерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.     2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы веб-сайтта орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.

     3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

      «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағытталған «Сервистік әкімдігі» ашылды. «E-gov»  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы  216 электронды қызмет көрсетілді.      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Баймырза ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылы тоқсан сайн Instagram және Facebook парақшаларында «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жер телімін алу үшін кезекке тұру», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

    1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»  мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді қарастыратын «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»  «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" қызметі туралы 2025 жылғы 14 наурыздағы № 82 және 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 110 бұйрығы.

4.   Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету туралы айыптау мен шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5.  Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (БАҚ-тағы материалдарды жариялау).

 

 

Баймырза ауылдық округі әкімі                                            А.Сәдуақасова

      

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы