
Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп
Жалпы ережелер
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 8, байланыс телефондары 8(716 39) 2 65 90.
Әкім: Шоқаев Нұрлан Қадірбекұлы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Шайзадаева Ғалия Маратқызы
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
2.«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару».
3).Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 2, оның ішінде; «электрондық үкімет» порталы арқылы - 2 қызмет.
«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша ең сұранысқа ие - «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу», «Наркологтан анықтама беру ұйымдар», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу».
«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 129 электронды қызмет көрсетілді.
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы стендте орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.
Пандус, қоңырау түймесі, нашар көретіндерге арналған тактильді жолақтар бар.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы веб-сайтта орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Мемлекеттік қызметтер» туралы Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әкім аппаратында стендтердегі ақпарат үнемі жаңартылып отырады, ұсынылған мемлекеттік қызметтердің саны туралы ақпарат барлық ауылдық жиындарда жарияланады.
2025 жылы «Қызмет алушы күні» өткізілді, оған жер қатынастары бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріліп, өзекті сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Біржан сал ауданы Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің ресми сайтында Fаcebook парақшасында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтері бойынша ережелер орналастырылды.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
«Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» мемлекеттік қызметтер ережесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету туралы айыптау мен шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (БАҚ-тағы материалдарды жариялау).
Аңғал батыр ауылдық округі әкімі Н. Шоқаев