Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

Біржан сал  ауданының  «Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

 

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер - ұйымның атауы:  

Біржан сал ауданының «Еңбекшілдер  ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер  ауылы, Орталық көшесі 22 ғимарат, байланыс телефондары 8(71639) 3-10-63.

Әкім  Сыздықов Муратбек Кабидуллович

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:

Ултанова Нүргүл Серетаевна.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Біржан сал  ауданының  «Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің  6 түрін көрсетті:

 1.«Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  3. «Кент, ауыл жерлерінін жер учаскесін беру»;
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
  5. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

Барлық  11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 11 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы.

     1) Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне конкурстар (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы    14 наурыздағы № 82 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының негізінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қамтамасыз ету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

 Қөрсетілген  қызметтердің жалпы саны. Барлығы 8 қызмет көрсетілді:

6 қызмет - (1 кезең), 2 қызмет - (2 кезең).

      2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.

Аталған мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

Қызмет көрсету нысаны – электрондық (жартылай автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

       Ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 371 электрондық қызмет көрсетілді:

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

- «Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алу»;

- «Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру»;

- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу»;

- «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»;

- «Жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама беру»;

- «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу».

- «Мұрағаттық анықтамалар беру»;

- «Наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда тұрмауы туралы анықтама беру»;

- «Психикалық денсаулық орталығындағы (психиатрия) есепте тұрғаны туралы мәліметтер беру»;

- «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру»;

- «Әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер беру»;

- «Объектілерді жою (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру туралы өтінішке мәліметтер беру»;

- «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы мәліметтер беру»;

- «Туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы мәліметтер беру»;

- «Заңды тұлғаның қайта тіркелуі туралы мәліметтер беру».

2.Қызмет алушылармен жұмыс

     1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Еңбекшілдер ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратындағы стендте, ақпараттық  баннерлерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

Еgov.kz порталына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы,су диспансері, ақпараттық стенд және халыққа жайлы қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Пандус, шақыру түймесі бар.

     2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

     3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

    Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік  қызметтерді сапалы қөрсетуге бағытталған. Өзіне көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған.

     «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Еңбекшілдер ауылдық округ  әкімінің Facebook және Instagram парақшаларындағы Біржан сал аудандық ресми сайтында ай сайын «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінін жер учаскесін беру «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту». мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған

      3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетуді  қамтамасыз етуді  қаорастыратын « Жер  қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер қөрсету қағидаларын бекіту туралы», «Жер телімінің нысанына мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда саттықты /конккурстарды, аукциондарды/ талап етпейтін мемлекттік меншіктегі жер телімінрің кұқықтығын сатып алу»,«жеке меншікке жер  телімін бір мезгілге сату немесе  бөліп толеу» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді  Қазақстан  Респбликасы  Ауыл  шаруашылығы министирінің «Жер  учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметі туралы 2025 жылғы 14 наурыздағы №82 және 15 сәуірдегі №110 бүйрыгы.

  1.   Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

      1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

     2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар мен шағымдар түскен жоқ.

     2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

      2025 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық, қанағаттану критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стедтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

      Мемлекттік қызмет көрсету бойынша барлық сұрактар бойынша                8(71639) 31063 байланыс нөміріне  хабарласыныз.

 

 

Еңбекшілдер ауылдық

округінің әкімі                                                                                М. Сыздықов.

 

 

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы